«Сен мені кешірші»: Ақмоншақ Нұртазаның кенже қызы Ләйлә Сұлтанқызының студиясында жылап қалды
Мектеп директоры өзінің жетіскке жету жолындағы отбасылық қиындықтарын айтты
Танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза балаларымен бірге журналист Ләйлә Сұлтанқызының подкастында қонақта болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желі жұлдызы болған педагог жұмысы жайында ғана емес, отбасына қатысты құпиясын да ашты. Сонымен бірге, балаларын қалай тәрбиелейтінін айтып берді.
«Жолдасым еңбекққор, мінезді жігіт. Жас күнінен тынбай еңбектенді, қазір үлкен кәсіптің иесі. Ең басында такси жүргізушісі болған. Екінші баламды босанып келгеннен кейін стадион жақта «дачада» тұрдық. Мен магистратурада оқимын және күндіз әкімшілікте жұмыс істеймін. Үйде жағдай жасалмаған, жаздық «дача» ғой. Қыстың күні балалар курткамен ұйықтайтын. Бұл туралы ешкімге айтпағанмын. Көп адамдар «байдың әйелі», «көкесі бар шығар» деген сөздерді айтып жатады. Олай емес, екеуміз осы күнге бірге жеттік. Мен кешкі сағат 7-ден 9-ға дейін сабақта боламын. Сосын жолдасым түнгі ауысымға кетеді. Түнімен пеш жағып шығамын, ұйықтамаймын. Содан кейін денсауылғымыз да сыр бере бастады. Пәтер жалдап, қалаға көштік. Жолдасым бір күні микроавтобус алды. Содан бастап тасы өрге домалады. Өзі бірсөзді, көпшілікпен жақсы тіл табысатын адам. Нағыз қазақи тәрбие көрген. Мен кейін бастауыш сынып мұғалімі болып істей бастадым. Үйде отырмадым, үнемі оқи бердім. Тренер болдым, шетелде тағлымдамадан өттім. Қазіргі күнімізге осылай жеттік», - деді ол.
Ақмоншақ Нұртаза қазіргі лауазымына қатысты сұрақтарға да жауып беріп, танымалдығы артқаннан кейінгі өмірі туралы айтты. Айтуынша, әлеуметтік желіде оқырмандары әртүрлі хат жолдайды екен.
«Көп директор «сізден үйренеріміз көп екен, біз басшы болған күннен қатал жүйеде басқаруды ұстанғымыз келеді, алайда сізді көріп өзгеріп жатырмын» дейді, кейбір директорлар «жоқ, сіздікі дұрыс емес, қазір еркіндікке жіберсең, бетімен кетеді» деген пікір қалдырады», - дейді Менің позитивті болуым, талап қоймаймын деген сөз емес. Үйде де балаларға қатты талап қоямын. Баланы ерте жастан өз мәселесін өзі шеше алатын деңгегйде тәрбиелеу керек деп ойлаймын», - деді ол.
Посдкаст соңында Ләйлә Сұлтанқызы студия қонақтарына ерекше ойын ойнатып, бір-біріне хат жазғызды. Ақмоншақ Нұртазаның кенже қызы ағасына хат жазып, көңілі босап қалды.
«Сұлтан сен мені кешір, біз күнде ұрысып қаламыз. Сен мені кешірші, мен сені жақсы көремін», - деп жазып берген қыз бала артынан жылап қалды.
Айта кетейік, желіде танымал, Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза жақында «бәрін тоқтаттым» деген пост жариялап, оқырмандарын ойландырып қойған еді. Бұған дейін ол 11-сыныпты тәмамдаған түлектерімен бірге Димаштың орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне арналған челлендж түсірген. Оның видеосы 3,1 миллион қаралым жинап, жеңімпаз атанып, Димаштың Лондондағы концертіне билет ұтып алған болатын.