$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2025, 12:27
AR trend

Мектеп директоры Димаштың челленджінде жеңіске жетіп, Лондонға жолдама алды (ВИДЕО)

Димаштың Лондондағы концертіне билетті желі жұлдызына айналған мектеп директоры ұтып алды

Мектеп директоры Димаштың челленджінде жеңіске жетіп, Лондонға жолдама алды (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Әнші Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне билетті желі жұлдызына айналған мектеп директоры ұтып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмоншақ Нұртаза – Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының директоры. Ол 11-сыныпты тәмамдаған түлектерімен бірге Димаштың орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне арналған челлендж түсірген.

Директордың видеосы дәл қазір өзінің Instagram парақшасында 3,1 миллион қаралым жинап, челлендж аясында түсірілген видеолардың ішінде көш бастады.

Ақмоншақ Нұртазаның видеосы кеше Алматыда өткен Димаштың концертінде сахнада көрсетілді. Ал концерттен кейін әншінің анасы Светлана Айтбаева мектеп директорына табыс етті.

Айта кетейік, «Балқадиша» әнімен желі жұлдызына айналған палуан бала Димаштың концертінде өнер көрсеткені осыған дейін хабарланған.

Серіктес жаңалықтары