30.07.2025, 16:47
Оқиғалар
Ақтауда биіктен құлаған әйелдің жұмбақ өлімі анықталып жатыр
Оқиғаға байланысты тергеу басталды
Фото: istockphoto.com
Ақтауда жас әйел биіктен құлап кеткен. Желіде тараған мәліметке қарағанда, әйел банк қызметкері болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция марқұмның құқық қорғау саласында істеген деген ақпаратты теріске шығарды.
«Желіде тараған «қаза тапқан әйел полиция қызметкері болған» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінен.
Әйелдің денесі қоқыс салатын жәшіктің жанынан табылған. Оның басы жартылай жәшікке кіріп жатыр. Үстінде қою көк түсті кеңсе стиліндегі көйлегі бар, аяқ киімі жоқ, қара капрон шұлық киген.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды