$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бүкіл мектеп білетін»: Тоқтар Серіковтің алғашқы махаббаты сезімге толы хаттарын көрсетті

Олар бір мектепте қатар оқыған 

«Бүкіл мектеп білетін»: Тоқтар Серіковтің алғашқы махаббаты сезімге толы хаттарын көрсетті
Фото: скрин

Тоқтар Серіковтің алғашқы махаббаты болған қыз оның сезімге толы хатын оқып беріп, әншіні ұялтып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бенефис шоу» бағдарламасының шығарылымдарының бірінде жұлдызды отбасы Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева қонақ болған. Сонда Серіковтің сыныптасы болған әйел олардың арасында болған махаббат туралы айтып берген.

«Тоқтар екеуміз 1990 жылы Алматы қаласындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №2 мектеп-интернатқа бірге келгенбіз. Ол «Б» сыныбында оқыса, мен «А» сыныбында оқып, интернаттың нанын бөлісіп жеп, өстік. Тоқтар екеуміздің махаббатымыз сол жерден басталды. Республикалық олимпиадаларға бірге баратынбыз. Біздің махаббатымызды бүкіл мектеп, мұғалімдер білетін. Тоқтардың толассыз хаттары, толассыз әндерін сыныптастарымыз маған арналған деп ойлайтын», - деді Айгүл Көбекова.

Ол Тоқтар Серіковтің өзіне арнап жазған бір шумақ өлеңін оқып берді. Оны көрген әнші жанында отырған жұбайына қарап, бағдарлама жүргізушілеріне «бізді ажырастыруға шақырдыңдар ма» деп, ұяла күліп алды. Содан соң өзі де жастық шағын еске алып, алғашқы махаббаты туралы аз-кем баяндап берді.

«Бұл Айгүл Көбекова деген Қызылорданың қызы. Айтыскер болатын. Айтарлықтай қол ұстасып, ұзақ жүрген жоқпыз. Бірақ хат жазғаным рас, оның мінезі тік еді, содан екеуміз жараспадық. Кейін күйеуге тиді», - деді Тоқтар Серіков.

Серіктес жаңалықтары