$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жекпе-жек бапкері Аслан Зейнуллаев ішімдік сылқия тойып, Зерендіде әйелдердің зәресін ұшырған (ВИДЕО)

Бірнеше досын ертіп алған ол полицияға бағынбай, шу шығарған

Жекпе-жек бапкері Аслан Зейнуллаев ішімдік сылқия тойып, Зерендіде әйелдердің зәресін ұшырған (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Ақмола облысы Зеренді демалыс орында ішімдікке мас болған бірнеше адам шу шығарып, демалып жатқан кісілердің мазасын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, бірнеше ер адам өздерін Ақмола облысы қоян-қолтық ұрыс федерациясының бапкерлеріміз деп таныстырған екен. Адамдардың мазасын алып, әйелдер мен балаларды қорқытқан.

Ақмола облысының полиция департаменті оқиға 17 шілде күні Зерендідегі демалыс орындарының бірінде болғанын хабарлап отыр.

«Қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарға қатысты полиция Әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша материал толтырды. Зеренді ауданының соты оны әкімшілік жазаға тартты», - деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кейін әлеуметтік желіде Аслан Зейнуллаевтың полиция мен демалыс аймағындағы адамдардан кешірім сұраған видеосы тарады.

Серіктес жаңалықтары