$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы тауларында жас жігіт аяғын қайырып алып, жүре алмай қалған

Құтқарушылар тауда аяғын жарақаттап алған жігітті эвакуациялады

Алматы тауларында жас жігіт аяғын қайырып алып, жүре алмай қалған
Фото: видеодан скрин

Алматы тауларында аяғын қайырып алып, жүре алмай қалған жас жігіт құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýh.

Көмек шақыруға мәжбүр болған

«Алматы қаласының Медеу ауданы аумағындағы Көк Жайлау шатқалында жас жігіт аяғын жарақаттап, өз бетінше жүре алмай қалғаны туралы хабарлама келіп түсті», - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы оқиға орнына аттанды.

Құтқарушылар Ақбұлақ (Просвещенец) ауданынан Көк Жайлауға жаяу бағыт алды. Олар зардап шеккен азаматқа жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Аяғын қайырып алған 2004 жылы туған азаматты құтқарушылар БАО постына қарай тасымалдап, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Құтқарушылар ескерту жасады

ТЖМ ескертеді: таулы жерлерде серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз, ыңғайлы аяқ киім киіңіз және ауа райын алдын ала қадағалаңыз.

Серіктес жаңалықтары