27.07.2025, 23:58
Оқиғалар
Солтүстік Қазақстанда қарт жүргізуші көлік кабинасында қысылып қалды
63 жастағы ер адам таңғажайып жағдайда аман қалды
Фото: Azattyq Rýhy
Солтүстік Қазақстан облсының Ақжар ауданында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлік жолдан шығып кеткен
Жол апаты Талшық ауылы маңындағы республикалық жолда болды. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған.
Көлік жолдан шығып кетіп, жыраға аударылып кеткен. Құтқарушылардың айтуынша 1962 жылы туған жүргізуші көлік кабинасында қысылып қалған.
Ер адам дәрігерлерге тапсырылды
«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен зардап шеккен азаматты көліктен алып шықты», - деп жазылған хабарламада.
Зардап шегуші жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның жағдайы қазір белгісіз.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды