Павлодарда бір үйдің 4 баласы газдан уланды

Автор: Azattyq Rýhy

Балалар 28 қазан күні ауруханаға жатқызылды

 

Фото: ашық дереккөзден

Балалардың үлкені - 9, кішісі - 1 жаста. Оқиғаны төтенше жағдайлар департаменті растап отыр. 28 қазан күні балалар ауруханаға жатқызылған.

«Радиозавод кентінен 2010, 2015, 2017, 2019 жылғы 4 бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайлары орташа деп бағаланды», - деп хабарлайды Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Тілекжан Галямов.