«Тең жартысы дайын»: Астанадағы LRT-ға қатысты жақсы жаңалық тарады

Автор: Бақыт Шынар

Депоның құрылысы 50 % дайын

Фото: скриншот

Астанадағы LRT депосының құрылысы 50 пайызға аяқталған. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, депоның ішінде кешенді орталық болады.

«Депо – пойыздарды дұрыс пайдаланып, оларды жөндеп, сақтайтын негізгі инфрақұрылым болмақ. Бүгінде нысан 50% дайын», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Осы ретте компания деподағы құрылыстың видеосын таратып, оның жан-жағын көрсеткен. Депо 18 станцияның, соның ішінде жеңіл пойыздардың дұрыс жұмысын қамтамасыз етпек.