$ 538.64  631.56  6.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«10 млн теңгеге қыдыру, 3 млн теңгеге – БАД ішу»: Перизат Қайраттың анасының телефонға жазған есебі жария болды

Ғайни Алашбаева қаражатын осылай жоспарлаған дейді прокурор

«10 млн теңгеге қыдыру, 3 млн теңгеге – БАД ішу»: Перизат Қайраттың анасының телефонға жазған есебі жария болды
Фото: instagram.com/01pk/

Бүгін жарыссөз кезінде прокурор Арман Қызыкен Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның телефонынан табылған жазбаны сөзбе сөз оқып берді, деп хабарлайдыAzattyq Rýhy.

«Ғайни Алашбаеваның телефонындағы 2023 жылдың 16 тамызында жазылған жазбаны сөзбе сөз оқысам мынау: 37 млн теңге - машина, 5 млн теңге - тіс емдеу, 10 млн теңгеге Түркияға барып емделіп келу, 3 млн теңге - БАД алып ішу, 10 млн теңгеге - қыдыру, 3 млн теңге - фэншуй, 1 млн теңге - бадзы оқу, 2 млн теңге - оффлайн бару, қыдыру және сол уақытта 3 млн теңгеге киім алу, 3 млн теңге – білезік, ақ алтын бриллиант», - дейді жазбаны оқыған прокурор.

Оның айтуынша,  Перизат Қайрат соттың жабық отырыстарында бұл қаражатты қайдан алғанын дәлелдей алмаған. Ол ауызша ғана Астана мен БАӘ-де пәтер сатқанын ғана айтып, ақталған, алайда, құжаттармен бекітпеген. Айта кетейік, бүгін прокурор Мадина Оразалина бұл істі «Киелі ұғымдарға опасыздық» және «Жақсылықтың жалған кейпі» деп сипаттады. Ал Арман Қызыкен Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасын 8 жылға соттауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары