$ 541.93  636.71  6.83
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Асыққанда кедергі жасады»: Ақтөбеде көліктің капотына шығып алған бойжеткенді полиция қатаң жазалады (ВИДЕО)

Тренд түсіреміз деген жастар заң бұзған

«Асыққанда кедергі жасады»: Ақтөбеде көліктің капотына шығып алған бойжеткенді полиция қатаң жазалады (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Ақтөбе қаласында көліктің капотына шығып алып, би билеген бойжеткен мен көлікті жүргізген жігіттерді полиция тауып, шара қолданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видео әлеуметтік желіге тараған соң полиция оны зерделеп ішінен заң бұзу фактілерін анықтаған.

«Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тренд қуып, түрлі бейнероликтер түсіру белең алып барады. Алайда кейбір азаматтар мұндай контент түсіру барысында заң талаптарын, әсіресе жол қозғалысы ережелерін ескермей, өз өміріне де, өзгенің қауіпсіздігіне де қатер төндірген», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Полиция таратқан видеода екі жігіт көлік ішінде отыр, ал, бір бойжеткен көліктің капотына шығып трендегі биді билеген. Видеоның астына комментарий жазған Ақтөбе тұрғындары дәл осы жастар қаланың әуежайына бара жатқан жолда тренд түсіріп жатқанын көргендерін жазады.

«Осы видеоны түсіріп жатқанда қасынан өткенмін. Аэропортқа асығып бара жатқан машиналарға кедергі жасаған», - деп жазған оқырмандар.

Серіктес жаңалықтары