$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.06.2020, 21:35
Оқиғалар

Алматы облысында қоқыс полигонында шыққан өрт бір аптадан соң сөндірілді

Полигонның 85% топырақпен көмілді  

Алматы облысында қоқыс полигонында шыққан өрт бір аптадан соң сөндірілді

Мамандар полигонды түгелдей топырақпен көміп шығу арқылы ғана өртті өшірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Тұрмыстық қалдықтарды жинайтын қоқыс полигонына 5,5 мың текше метр су шашылған. Бұдан нәтиже шықпаған соң, қоқыстың бетіне 25 мың текше метр сары топырақ төгілген.

«15 маусым сағат күндізгі екіде Алматы облысы Іле ауданындағы қоқыс полигонында қатты-тұрмыстық қалдықтардың жануы оқшауланды, өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Қол жетпейтін ошақтарды сөндіру үшін су тасмалдағыш құрылғысы бар МИ-8 тікұшақ тартылды. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Іле ауданы әкімдігі, «АДК Таза Әлем» ЖШС және «Таза Жер» ЖШС-нен барлығы 100-ден астам адам мен 40 бірлік техника жұмылдырылды», - деді облыстық ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев.

Қоқыс үйіндісінің қалдыңдығы 15 метрге дейін жеткендіктен, әрі желдің екпіні күшті болғандықтан (9 м/с дейін)  қою түтіннің таралуы бір апта бойы тоқтамаған. Өрт 7 гектарға жайылған.

«Бастапқы кезеңде қою түтіннен өрттің нақты ауданын анықтау мүмкін болмады. Қабылданған шаралар арқасында қоқыс полигонының барлық алаңына (34,4 га) өрттің таралуына жол берілген жоқ», - деді А.Жұртбаев.  

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары