$ 529.44  617.06  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қастандықпен өлген атақты Мартин Лютер Кингке қатысты құпия құжаттар жария болды

Құжаттарға көп өзгеріс енбеген

Қастандықпен өлген атақты Мартин Лютер Кингке қатысты құпия құжаттар жария болды
Фото: Getty Images

АҚШ-тың Ұлттық барлау басқармасы азаматтық құқық қорғаушы Мартин Лютер Кингтің өліміне байланысты ФБР жүргізген бақылау мен тергеуге қатысты 230 мыңнан астам құжатты жария етті. Құжаттар АҚШ Ұлттық мұрағатының сайтында ашық тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме беріп.

Ұлттық барлау директоры Талси Габбард мұны «тарихи әділеттілік үшін жасалған маңызды қадам» деп атап өтті. Құжаттардың басым бөлігі «көп өңдеуден» өтпеген.

Құжаттардың құпиялығын алып тастау туралы шешімді президент Дональд Трамп қабылдаған. Бұл шешім Кингпен қатар Джон және Роберт Кеннедилердің өліміне қатысты материалдарды да қамтиды.

Кинг 1968 жылы Теннесси штатының Мемфис қаласында қастандықпен өлтген. Бұл қылмыс үшін Джеймс Эрл Рэй айыпталып, кейін түрмеде көз жұмды. Алайда Кингтің отбасы мен кейбір серіктестері оның жалғыз немесе нақты кінәлі екеніне күмән келтіріп келген.

Кингтің балалары Мартин Лютер Кинг ІІІ мен Бернис Кинг аталған құжаттардың жариялануы әкесінің мұрасына нұқсан келтірмеуі тиіс екенін ескертті. Олар бұл процеске абайлықпен, құрметпен және тарихи контексте қарауға шақырды.

 

Серіктес жаңалықтары