Биылғы 5 айда су көлігінде 66 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
ҚР ИИДМ көліктік бақылау органдары биылғы 5 айда еліміздің теңіз порттарына кірген теңіз кемелеріне барлығы 42 тексеру жүргізді. Оның ішінде Қазақстанның 3, Ресейдің 26, Әзербайжанның 5, Иранның 8 кемесі болды.
«Анықталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін Иран туын көтеріп тұрған 1 кемеге порттан шығуға тыйым салынды. Кемелерді тексеру барысында заңбұзушылықтарды жою туралы 1 ұйғарым берілді. Тексеру қорытындысы бойынша 9 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 137 858 теңгеге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, биылғы 5 айда аумақтық органдар пайдаланудағы өзен кемелеріне 79 тексеру жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша 25 ұйғарым берілді. Кеме реестрінде барлығы 759 өзен кемесі тіркелген. Сондай-ақ, осы кезеңде өзен флотының командалық құрамының 45 тұлғасына диплом беріліп, 14 тұлғасы аттестатталғанын атап өту қажет.
Сонымен қатар, жыл басынан бері республика бойынша 319 шағын өлшемді кеме тіркелген. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысында шағынөлшемді флотта аумақтық органдар 268 кемені қарап шықты.
«Жалпы, осы мерзімде су көлігі саласында 5 көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 2 теңіз және 3 шағынөлшемді флотта болды. Сондай-ақ, су көлігінде бақылауды жүзеге асыру кезінде 66 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 527 542 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндіріп алынды»,- деп хабарлайды министрлік.