Қайғылы оқиғалар Бұқар жырау ауданы мен Теміртауда болды
Қарағанды облысында 18 шілдеде рұқсат етілмеген жерде суға шомылған екі адам батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғашқы қайғылы оқиға Бұқар жырау ауданында болды. Заречное ауылының маңындағы Соқыр өзенінде Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 2009 жылы туған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Ол жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен.
Екінші оқиға Теміртау қаласында болды. 1969 жылы туған ер адамның мәйіті техникалық каналдан табылды. Құтқарушылардың айтуынша, ол да рұқсат етілмеген жерде суға түскен.
Суға түсу маусымының қызған шағында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға тыйым салынған жерлерде суға түсудің қауіптілігі туралы қатаң ескертіп, негізгі қауіпсіздік ережелерін еске салды:
Жүзу құралдарына құтқару кеудешелері немесе белдіксіз мінуге қатаң тыйым салынады.
Есіңізде болсын: судағы қауіпсіздік ережесін сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуы мүмкін!