$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жүргізуші тіл тартпай кеткен: Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, жолаушы ауруханаға жеткізілді

Жүргізуші тіл тартпай кеткен: Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: instagram.com/dorogi_karagandy/ видеосының скриншоты

Қарағанды облысының Осакаров ауданындағы тас жолда адам өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнебақылау бағанына соқтығысты

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрдан жүк көлігінің мыжылып қалғанын көруге болады.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі біздің агенттікке трагедияға қатысты түсініктеме берді. Полицияның мәліметінше жол апаты бүгін, 17 шілдеде Қарағанды – Астана тас жолының 1093 шақырымында Ошағанды ауылына жақын жерде болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша Қарағанды қаласына бара жатқан Mercedes-Benz Sprinter жүк көлігінің 40 жастағы жүргізушісі оң жақ алдыңғы және екі артқы доңғалағының желі шығып кетуі салдарынан рөлді басқара алмай қалып, бейнебақылау бағанына соқтығысқан», - деп хабарлады полиция департаменті.

Жүргізуші көз жұмды

Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары