17.07.2025, 11:48
Оқиғалар
Ақтауда Land Cruiser Prado мүгедек жандарды қағып кетті
Жәбірленушілер шағым жазбаған
Фото: lada.kz
Ақтауда Land Cruiser Prado жүргізушісі арбада отырған мүмкіндігі шектеулі адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 16 шілде күні сағат 18:00 шамасында 3Б шағынауданының 16-үйі тұсында болған.
Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі («Маневр жасау ережесін бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Полицияның мәліметінше, зардап шеккендер шағымданудан бас тартқан.
Көп оқылған
22.09.2026, 13:26
Төбесі көгеріп, дәретханасы сасып кеткен: Қаскелеңдегі ескі мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)
22.09.2026, 06:33
Атырау облысында арнайы техника автобусқа соғылып, үш адам зардап шекті
22.09.2026, 09:11
Телефон ұстау, қарсы жолаққа шығу: дрондар жүргізушілердің 20 мыңнан аса жол ережесін бұзғанын анықтады (ВИДЕО)