$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында екі әйелді өлтіріп кетті: тың дерек шықты

Қарабалықтағы кісі өліміне балалар куә болған

Қостанай облысында екі әйелді өлтіріп кетті: тың дерек шықты
Фото: pixabay

Қостанай облысында әйелі мен енесін өлтірді деген күдікпен Қарабалық ауылының 45 жастағы тұрғыны ұсталған болатын. Қылмысқа қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ТоболИнфоға» сілтеме жасап.

Еске салайық, 15 шілдеде жеке тұрғын үйден 1986 және 1951 жылы туған екі әйелдің мәйіті зорлық-зомбылық белгілерімен табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша қылмыс отбасылық жанжал кезінде жасалған. Кейін полицейлер күдіктіні ұстады.

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.

Марқұмдардың жеке мәліметтеріне қарағанда олар күдіктінің әйелі мен қайын енесі болуы мүмкін.

«Пайда болған ақпаратқа сәйкес, өлтірілген әйелдің он жасар ұлы да жараланған. Баланың денесі сырылған, бірақ полицейлер жарақаттың нақты неден болғанын және олардың оқиғаға қатысы бар-жоғын әзірге нақтылаған жоқ. Ал оның әпкесі, жасөспірім қыз физикалық жарақат алмаған. Балалар оқиға орнынан қашып үлгерген», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Балалар қазір марқұм әйелдің туыстарының бақылауында.

Тергеу жалғасуда, сараптамалар тағайындалды, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары