$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты (ВИДЕО)

Трагедия Құрманғазы ауданындағы тас жолда болды

Атырау облысында жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Атырау облысындағы автожолда жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты Құрманғазы ауданында – 8-ші және 9-шы жол айрығы арасындағы учаскеде болды. Әлеуметтік желіде трагедия болған жерде түсірілген видео жарияланды. Кадрдан соқтығыстың салдарынан екі көліктің де қатты зақымданғаны көрінеді. Өкінішке қарай, қаза тапқандар бар.

«15 шілдеде шамамен сағат 12:30-да Ақтөбе - Атырау - Астрахань тас жолының 814-ші шақырымында Toyota Ipsum және EXEED көліктері соқтығысты. Апат салдарынан Toyota Ipsum жүргізушісі, сондай-ақ EXEED көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда қажетті материалдар жиналып жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары