Атырау облысында 23 адам COVID-19 жұқтырды
Бүгінге дейін облыста 1310 адамнан вирус анықталған

Атырау облысында өткен тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
«COVID-19 жұқтырған 3 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекеме қызметкерлері. Олардың екеуі 1990, 1981 жылы туған әйел адамдар, біреуі 1997 жылы туған ер адам. Олардан COVID-19 скринигтен өту кезінде анықталды. Сондай-ақ Құрманғазы ауданы Ақкөл селосының 1965 жылы туған әйел адамынан да тіркелді. Ол бұрын инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Атырау қаласынан 19 жағдай тіркелді.Олардың оны 1964, 1978, 1985, 1995, 1980, 1993, 1981, 1986, 1970, 1969 жылы туған әйел адамдар, тоғызы 1993, 2000, 1964, 2002, 1999, 2000, 1999, 2002, 1965 жылы туған ер адамдар.Екі адамнан COVID-19 эпидемиологиялық тексеру мақсатында және скринигтен өту кезінде анықталса, қалған 17 адам денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
14 мамырдағы жағдай бойынша аймақта 1310 адам COVID-19 жұқтырған. Жазылып шыққандар саны - 961.