15.07.2025, 08:58
Оқиғалар
Қостанайда далаға шығуға ерінген ер адам құтқарушыларды әбігерге салды
Құтқарушылар түтін басқан пәтерден ер адамды алып шықты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Қостанайда төсекте жатып темекі шеккен ер адам өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төсекте темекі шеккен
«Қостанай қаласының Маяковский көшесінде тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты. Матрас пен жастық жанған. Бұған төсекке жатып шылым шегу себеп болған», - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар тез арада түтін басқан пәтерге кіріп, 1988 жылы туған ер адамды эвакуациялады.
Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ ескерту жасады:
- алкогольдік мас күйінде шылым шекпеңіз;
- төсекте шылым шекпеңіз;
- сөндірілмеген темекіні қалдырмаңыз.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 09:00
Үй саламын деп елден 4 млрд теңге жинап алған, Ақтөбедегі жантүршігерлік жағдай: демалыс күндері ел назарын аударған оқиғалар
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды