Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды

Автор: Темірхан Айжан

Ол 2 шілдеден кейін хабарсыз кеткен 

Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Құтқарушылар Ақылбек Нұрисламның денесін Үлкен Алматы шатқалының маңынан тапты. Бұл туралы Lider.kz еріктілер тобы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оны іздеуге 40-тан астам адам жұмылдырылды: құтқарушылар, полиция қызметкерлері, еріктілер, кинологтар мен дрондар жұмыс істеді. Іздеу бірнеше күнге созылып, шатқал аумағында жүргізілді.

Полицияның дерегінше, алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қайтыс болу себептерін нақтылау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске салсақ, Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде тауға шығып кетіп, хабарсыз қалған.