05.07.2025, 13:20
Оқиғалар
Павлодарда сүт зауытында өрт болды
Өрт 1500 шаршы метрді шарпыған
Фото: ТЖМ
Павлодарда Құтқару қызметі 1 500 шаршы метр аумақты қамтыған ірі өртті сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт Космонавттар көшесіндегі екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық нысанда шыққан. Оқиға орнына жедел штаб құрылып, жоғарылатылған дәрежеде күштер мен құралдар тартылды», – делінген ресми мәлімдемеде.
Тілсіз жаумен күрес қиындады
Құтқарушылар келген кезде ғимараттың бір бөлігі толығымен отқа оранып үлгерген. Өрттің өршуіне бірнеше фактор себеп болған:
- жоғары өрт жүктемесі
- қатты түтін
- желдің екпінді күшеюі
Алайда құтқарушылар жағдайды бақылауға алып, жалынды толығымен сөндірді.
Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ
Министрлік мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрт 1500 шаршы метр аумақта толығымен оқшауланып, жойылды.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді
