Қостанай облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалім 1,3 млн теңге қайтаруы керек

Автор: Azattyq Rýhy

Диплом лазерлік принтерде шығарылған боп шықты

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокурорлары орта мектептердің бірінде жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген ер адамды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қостанай әлеуметтік-техникалық университет дипломының жалған екені анықталды. Диплом лазерлік принтерде шығарылған боп шықты. Аудандық сот мұғалімге осы күнге дейін алған 1,3 млн теңге жалақысын қайтаруға міндеттеді», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар күдікті ҚР Қылмыстық Кодекстің 385 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетсек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық даму министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанда дипломның шынайылығын тексеретін қызмет іске қосылатынын мәлімдеген еді.