$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тәртіп пен табандылық»: Семейде «Айбын-2025» жиынының жеңімпаздары құрметке бөленді

Семей оқушылары Гран-при иегері атанды

«Тәртіп пен табандылық»: Семейде «Айбын-2025» жиынының жеңімпаздары құрметке бөленді
Фото: видеодан скриншот

Семей қаласында «Айбын-2025» атты XI Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздарын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл беделді байқауда Семей қаласының атынан Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер лицей-интернатының тәрбиеленушілері және әскери-патриоттық бағыттағы «Абай қырандары», «Жас барлаушы» және «Жас зымыраншы» командаларынан құралған 60 оқушы қатысты.

Барлық жарыс кезеңдерінің нәтижесінде «Жас Ұлан» лицейі Гран-при иегері атанып, Семей қаласының намысын биіктен көрсетті.

«Бұл жеңіс – жарыстағы табыс қана емес, сонымен қатар отансүйгіштік, тәртіп пен табандылықтың жарқын үлгісі. Командалық рух пен бірлік сіздердің елге, жерге деген шынайы сүйіспеншіліктеріңізді паш етті. Болашақ Қазақстан Қарулы Күштерінің тірегі – дәл сіздердей жалынды жастар», – деді қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қарсы алу рәсімінде сөйлеген сөзінде.

«Айбын» жиыны – әскери-патриоттық тәрбие беруді мақсат еткен халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шара. Жыл сайын өтетін бұл жиын жастар арасында командалық серіктестікті, жауапкершілікті және мемлекеттің қорғаныс қабілетіне деген сенімді арттыруға бағытталған.

Жиынға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден келген жас сарбаздар мен патриоттар қатысады. Биылғы жарыста Семейлік командалардың жоғары дайындық деңгейі мен рухы өзгелерге үлгі болды.

Серіктес жаңалықтары