$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сарбаз ата-анасымен бірге көз жұмды: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Toyota қарсы бағытқа шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысқан

Сарбаз ата-анасымен бірге көз жұмды: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды
Фото: istockphoto.com

Өскемен – Алматы тас жолында болған қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.

Жолаушылар кептеліп қалған

Аягөз гарнизонының әскери бөлімінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген сарбаз демалысынан қайтып келе жатқанда Toyota қарсы бағытқа шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, екі көліктің де сау тамтығы қалмаған. Салондағы жолаушылар кептеліп қалған.

Оқиға орнында сарбаз бен оның ата- анасы және 62 жастағы жүргізуші қаза тапты. Олардың денесін тұрғылықты жеріне жеткізуге әскери ұшақ жұмылдырылды.

Тергеу басталды

Аталмыш жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүріп жатыр.

«ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеті» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот сараптамалары тағайындалды», - дейді Абай облысы ПД ақпараттық саясат басқармасының инспекторы Айдана Қозыбаева.

Еске сала кетейік, Абай облысында демалыстан әскери бөлімге бара жатқан сарбаз бен оның ата-анасы көз жұмғаны хабарланған болатын.  Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары