30.06.2025, 17:19
Оқиғалар
Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталып кетті
Бұл туралы енді бұрынғы Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлім етті
Фото: primeminister.kz
Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды. Бұл туралы енді бұрынғы Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, Бекетаевтың мүлкі тәркіленген.
«Бекетаев мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-Әділет министрі Бекетаевқа қарсы қылмыстық іс «Алаяқтық», «Аса ірі мөлшерде жымқыру» және «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу» баптарымен тергелген», - деп мәлім етті Бегайдаров.
Бір қызығы, бүгін Антикордың ресми өкілі дәстүрлі брифинг өткізіп жатқанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаулы шығарып, Антикорды Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосып жіберді.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды