$ 524.24  612.94  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атақты актер Брэд Питтің үйін ұрылар тонап кетті

Кейінгі кезде жұлдыздардың үйіне жиі ұры түсетін болған 

Атақты актер Брэд Питтің үйін ұрылар тонап кетті
Фото: Joel C. Ryan/Invision/AP

Әлемге әйгілі актер Брэд Питтің Лос-Анджелестегі үйін ұрылар тонап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. CBS news-ке сілтеме жасап.  

Бұзақылар күндіз үйде ешкім жоғын пайдаланып, терезені сындырып кірген. Полицияның мәлімдеуінше, ұрылар үйді тінтіп, әртүрлі мүлікті алып кеткен. Заттардың құны жарияланбады.

Сақшылар 3 күдіктіні іздестіріп жатыр.

Соңғы жылдары Лос-Анджелес пен Оңтүстік Калифорнияның элиталық аудандарында баукеспелер көбейген. Олар VIP-тұлғалар мен танымал жұлдыздардың баспанасын тонап жүр.

Өткен қыста Оңтүстік Калифорнияда әлем чемпионы, «Лос-Анджелес» футбол клубының жұлдызы Оливье Жирудың үйінен көп көлемде зергерлік бұйым ұрланған. Бір апта өткен соң Әулие Валентин күнінде Лос-Анджелесте актриса Николь Кидман мен музыкант Кит Урбанның үйіне ұры түсті.

Серіктес жаңалықтары