Бұландыда емізулі баласы бар ана өзіне қол жұмсады

Автор: Темірхан Айжан

Суицидтің себебі беймәлім 

Фото: Freepik

Ақмола облысында жас ана өзіне қол жұмсап, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

26 маусымда Бұланды ауданында әйел адам сарайда асылып қалған. Оқиғаны полиция растады.

«Алдын-ала деректерге сай, әйел өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық іс қозғалды. Мән-жай анықталып жатыр», - деді өңірдің полиция департаментінен.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, жас келіншектің емізулі баласы бар. Марқұм үйде ешкім жоқ кезде суицидке барған. Отбасылық жағдайы жақсы екені айтылады.