$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Полиция Жетісу облысында заңсыз жүрген бір топ гастарбайтерді аяусыз қолға түсірді (ВИДЕО)

Заңсыз қызметтің түпкі иесі кім екені белгісіз

Жетісу облысында металл қабылдайтын орындардың бірі 600 тонна қорғасын мен 100 тонна алюминийді шетелге заңсыз сатпақ болған. Облыстың ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы заңсыз жұмыс істеген ұйымның қылмысын әшкере етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Полиция металл қабылдайтын орынға келгенде ондағы адамдар жапатармағай қаша бастаған. Жұмысшылар темірлерді балқытып, олрады құймаға салып отырған. Темірді балқыту үшін жасырын цех құрған.

Тінту кезінде олардың заңсыз құрал-жабдықтар мен құжаты жоқ мигранттар табылған.

«Кәсіпорын аумағында жүргізілген тінту шаралары барысында шетелге жөнелтуге дайындалған 600 тоннадан астам қорғасын және 100 тоннадан астам алюминий құймалары, сондай-ақ түсті металл сынығы тәркіленді. Металл балқытуға арналған жасырын цех пен оның құрамын алдын ала зерттеуге арналған зертхана жойылды. Бұдан бөлек, нысан аумағында заңсыз еңбек еткен, көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар ұсталды.  Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, қылмыстық схеманың түпкі бенефициарлары кім екені анықталып жатыр», - деп хабарлайды полиция.

Серіктес жаңалықтары