Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуына байланысты рейстерді тоқтатқан еді
25 маусымда Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығысқа тұрақты рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл шешім атысты тоқтату туралы ресми хабарлама жарияланған жағдайда ғана жүзеге асады.
Әуе компаниясы мәлімдеуінше, жағдай ушығып кетсе, барлық рейстер тоқтатылады. Қазіргі таңда Алматыдан Дубай мен Доха бағыттарына жоспарланған ұшу кейінге шегерілді. Бұл рейстердің нақты мәртебесі жағдайға байланысты белгілі болады.
Air Astana жолаушылардан өз рейстерінің мәртебесін компанияның ресми сайтында қадағалауды сұрады. Әуе компаниясы жағдайды мұқият бақылап, қауіпсіздікті басты басымдық ретінде қамтамасыз ететінін мәлімдеді.