Оралда екі күнде 2 бала терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Екі бала да ауруханаға жатқызылды

Фото: ашық дереккөзден

Оралда екі күнде 2 бала көпқабаттың үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 маусым күні сағат 14.58-де «Солтүстік-шығыс» ауданындағы бес қабатты үйде үш жасар ұл бала терезеден құлап кеткен. Сондай-ақ 11 маусым күні сағат 11.05-те Вокзальная көшесінде бес қабатты үйдің терезесінен 2019 жылғы қыз бала құлаған. Олардың екеуі де ата-аналарының қарауынсыз қалған. Екеуі де ауруханаға жатқызылды», - деп жазылған хабарламада.

БҚО ТЖД өкілдері ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды, терезені ашық тастамауды сұрайды.