ШҚО-да қайығы аударылған 2 адам суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Облыста жыл басынан бері 16 адам суға кетті

фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін таңертең Бұқтырма бөлімшесінің құтқарушыларына қайық аударылып, оған мінген адамдардың суға батып кеткені туралы дабыл келіп түсті. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Құтқарушылар орнына келіп жеткен кезде, 1998 жылы туған екі жас ер адам суға батып кеткен. Бір адамның денесін судан оқиға куәгерлері алып шыққан, екіншісін сүңгуірлер алып шығарды. Қайықпен серуенге шыққан жігіттер жағалаудан алыстап кеткен. Қайық аударылып, жастар қайғылы жағдайға ұшыраған.

Жыл басынан бері облыста 16 адам суға батып кетті. Департаменттің айтуынша, қайғылы оқиғаларға жиі себеп болатын негізгі факторлар – өз күшіне сену, алкогольге масаю, құтқару құралдарының болмауы.