$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау алтыншы күннен бері түтінге тұншығып жатыр: өрт әлі сөнген жоқ

«Ақжайық» табиғи резерватындағы қамыстың өрті әлі сөнген жоқ

Атырау алтыншы күннен бері түтінге тұншығып жатыр: өрт әлі сөнген жоқ
Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау маңындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында жедел штаб ашып, қамыстың өртімен күресіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өрт осыдан алты күн бұрын, 13 маусымда басталған. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында қамыс өртеніп, қазір қызыл жалын шарпыған аумақ 1500 гектардан асып кеткен.

«Облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Жаңабаев өрт сөндіруге бағытталған жұмысты өзі басқарып отыр.  Барлық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жағдай ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында», - деп хабарлайды ТЖМ.

Атырау облысының әкімдігі кеше түнде кей жерлерде қамыс әлі тұтанып жатқанын, оқиға орнына 50 техника келгенін жазған. Ең қиыны, қатты желден бола түтін Атырау қаласын тұмшалап алған еді.

Серіктес жаңалықтары