Ол көрсеткен қамқорлығы үшін 100 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аса ауыр жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары мен ЖШС өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Агенттіктің хабарлауынша, олар 2020 жылға тендер өткізу кезінде көрсеткен жалпы қамқорлығы үшін Ақтөбе қаласының аумағын абаттандыру туралы жасалған келісім-шарт сомасынан аса ірі көлемде (100 млн теңге) пара алды және берді деген күдікке ілінген.
Күдікке ілінген тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.