$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.06.2020, 11:16
Оқиғалар

Алматы облысында өртеніп жатқан қоқыс полигонын ТЖД екі күннен бері сөндіре алмай жатыр

Көк түтін салдарынан ірі жол көлік апаты болды

Алматы облысында өртеніп жатқан қоқыс полигонын ТЖД екі күннен бері сөндіре алмай жатыр

Өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылған. Қоқыс полигонының аумағы – 38 гектар. Алайда от кең далаға жайылып кеткен, деп хабалдайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Өртті ауыздықтау үшін 30 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, 3 тонна су тасмалдағыш құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы да көмекке келген.

Тілсіз жаумен күрес түні бойы тоқтамай жүргізілгенімен, қою түтін көз жетпес кең даланы әлі басып жатыр.

«Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 40 адам, 8 бірлік техника, Іле ауданы әкімшілігінен 26 адам, сондай-ақ, 10 су тасушы техника, 3 бульдозер, 3 тиегіш, 5 самосвал жұмыс істеуде. Қоқыс тастайтын жердің жалпы ауданы – 38 гектар. Өрт орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта жану ошақтарын қайта құнарландыру және топырақпен жабу бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - деді Алматы облыстық ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев.

Алматы қаласы мен облыстан шыққан тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигонында өрт 10 маусым күні басталған еді. Қою түтін Алматы – Қапшағай тас жолын жауып, соның салдарынан ондаған автокөлік апатқа ұшырады, 6 адам ауыр жараланып ауруханаға түсті.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы облысы

Серіктес жаңалықтары