$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сайрамсу тауларында бес қыз адасып кеткен

Құтқарушылар оларды 60 шақырым жерден тапқан

Сайрамсу тауларында бес қыз адасып кеткен
Фото: ТЖМ

Бүгін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Сайрамсу шыңынан түсіп келе жатып, бағытынан адасып кеткен бес турист қызды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алғашқы хабар 112 қызметіне түскен»

Бес бойжеткен Төлеби ауданы аумағында орналасқан танымал Сайрамсу шыңынан түсіп келе жатып, адасып кеткен. Олар 112 қызметіне қоңырау шалғанда Қасқасу ауылының маңайында жүріпті.

Құтқару операциясы: 60 шақырым жолсыз жермен жүріп өтті

Шұғыл әрекет еткен құтқарушылар тобы 60 шақырым жерді жүріп өтіп, қыздарды Қасқасу ауылынан 8 шақырым қашықтықта тапқан. Қыздар Сайрам-Өгем ұлттық паркі аумағына аман-есен жетті.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бойжеткендерге медициналық көмек қажет болмаған.

«Құтқарушыларға алғысымыз шексіз»

Құтқарылған туристер жедел әрекет етіп, кәсібилік танытқан ТЖД қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Серіктес жаңалықтары