16.06.2025, 10:18
Оқиғалар
«Сотталғандарды елге қайтарамын»: Алматы облысында белсенді әйел ұсталды
Оған қатысты алаяқтық бабы бойынша іс қозғалды
Фото: gov.kz
Алматы облысында алаяқтық жасады деген күдікпен қоғамдық бірлестік жетекшісі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдіктіге қатысты қандай айып тағылды
Полицияның мәліметіне сүйенсек, күдікті әйел шет елдерде сотталған қазақстандықтарды түрмеден шығарып, босатамын деген жалаумен халықтан ақша жинаған.
«Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - деп хабарлайды полиция.
Іс 190-бабымен қозғалған
Дереккөзге сүйенсек, қоғамдық бірлестік жетекшісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды