Апаттан жалғыз адам аман қалған
Air India әуе компаниясына тиесілі Boeing 787 Dreamliner ұшағы Үндістанның Ахмадабад қаласынан Лондонға бағыт алған кезде апатқа ұшырап, 274 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy NDTV арнасына сілтеме жасап.
AI 171 рейсі Ахмадабадтан ұшып шыққан соң көп ұзамай дәрігерлер жатақханасына құлап, ғимарат толық қираған.
Ұшақта болғандар:
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өрт сөндіріп, адамдарды эвакуациялады.
Мәліметтерге сүйенсек, британдық азамат, 40 жастағы Үндістан тумасы, апат болардан бірнеше секунд бұрын апаттық есік арқылы ұшақтан секіріп үлгерген. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Үндістан ІІМ жанынан ведомствоаралық комиссия құрылды. Оның міндеті:
Ұшақтың қара жәшігі табылып, сараптамаға жіберілген.
Air India басшылығы мен Үндістан билігі қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтып, болашақта мұндай оқиғаларға жол бермеуге уәде етті. Бұған дейін Үндістанның батысында орналасқан Ахмадабад қаласының әуежайының маңында Air India әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаны хабарланған еді. Одан кейін борттағы 242 адам түгел қаза тапқаны айтылды. Ұшақ апатынан бір адам тірі қалған. Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш Үндістандағы отбасына қонаққа барған және ағасы Аджай Кумар Рамешпен бірге Гэтвикке қайтып бара жатқан. Ол апат кезінде көптеген жарақат алды, бірақ аман қалды, ал басқа орында отырған ағасы көз жұмды. Сонымен қатар Үндістанда болған ұшақ апатынан дәрігерлер отбасы түгелдей қайтыс болды.