Ерке Есмахан толғатып жатып Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын көрген (ВИДЕО)

Автор: Темірхан Айжан

Райымбек Бақтыгереев пен Ерке Есмахан үш ұлдың ата-анасы 

Фото: @erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан перзентханада толғатып жатса да, Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойын көруді ұмытпаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол жұбайы Райымбек Бақтыгереевке телефонын ұстатып қойып, тікелей эфирден тойды тамашалаған.

«10-маусымнан бастап әлсін-әлсін толғаттым. 11-і кешке сағат 5-те перзентханаға келдік. Сәкен аға, Динара жеңеше емізулі баласы бар Ерке тойдың сарқытын күтеді», - деп жазды ол.

Еске салсақ, жақында жұлдызды жұптың үшінші сәбиі дүниеге келді. Ерке Есмахан 40 жасында тағы бір ұлдың анасы болды. Бұрынғы айтыскер, қазіргі психолог-коуч Айнұр Тұрсынбаева  баланың кіндік шешесі атанды.