$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талғар полициясының қолына түскен курьер ұзақ уақыт түрмеде отыратын болды (ВИДЕО)

Оның тасып жүргені есірткі болып шықты

«Қарасора-2025» жедел шараларының барысында Алматы облысының полициясы Талғар ауданында Volkswagen Jetta көлігін тоқтатып, көлікті тінтіген. Көліктің ішінен иісі бар сөмке табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Алматы тұрғыны Талғарда есірткі тасыған

Полицияның мәліметіне сүйенсек, 33 жастағы азамат біраз уақыттан бері есірткі тасып, ақша тапқан.

«Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық басқарма қызметкерлері Талғар ауданында Volkswagen Jetta көлігін тоқтатып, 33 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Көлік салонын тексеру кезінде алдыңғы орындықтың астынан ерекше иісі бар сөмке табылды», - деп хабарлайды полиция.

Полиция оның үйін толық тінтіген

Полиция күдіктінің үйін тінту барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған орам, түрлі-түсті таблеткалар, электронды таразылар, орау материалдары мен магниттер тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл заттардың 200 грамнан астам 3-хлорметкатинон және 180 грамнан астам метилендиоксиметамфетамин (экстази) екені анықталды.

Ақпаннан бері тапқан ақшасын криптовалютаға салған

Тергеу барысында күдіктінің осы жылдың ақпан айынан бастап интернет-дүкеннің есірткі курьері болып жұмыс істегені, төлемді криптовалюта арқылы алғаны белгілі болды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары