Оқиғаға қатысушылардың барлығы қамауға алынды
Әлеуметтік желіде Алматы қаласында болған төбелестің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rıhy.
Видеодан бірнеше адам топтасып, жерде жатқандарды теуіп жатқанын байқауға болады.
Қалалық полици департаментінің мәліметінше Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
«Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаға қатысты 102 нөміріне қоңырау түспеген.
Алматы полиция Департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға және құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамауға шақырды.
«102» пультіне қоңырау шалу қоғамдық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерлердің алдын алуға және жедел әрекет етуге көмектеседі», - дейді полицейлер.