$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2020, 10:17
Оқиғалар

Түркістанда мешіттегі садақа жәшігін тонаған күдікті ұсталды

Осыған ұқсас оқиға Кентау қаласында да болған

Түркістанда мешіттегі садақа жәшігін тонаған күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданып, таңғы уақытта белгісіз біреу ауыл мешітінің садақа жәшігіне ұрлыққа түскенін жеткізді. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, ұрылар ашық тұрған есікті пайдаланып, мешітке кіріп, садақаға арналған металл жәшігін ашып, ішінен ақша ұрлап кеткен.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Ішдестіру шараларының нәтижесінде Түркістан қалалық ПБ қызметкерлері мешіттегі ұрлыққа қатысы бар күдіктіні құрықтады. Ол Шардара ауданының тұрғыны болып шықты және полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осыған ұқсас тағы бір қылмысты Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері ашты. Кезекші бөлімге іргелес жатқан ауылдардың бірінің тұрғыны шағым түсіріп, жергілікті зираттан бейтаныс адам садақа жәшігінен ақша ұрлап кеткендігін жеткізген.

Кентау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы ұрылар барлығы 12 мың теңге көлемінде ақша алғанын анықтады. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, полицейлер күдіктіні іздестіруге кірісті.

Жедел-іздестіру іс-шараларының қорытындысында, Кентау қалалық ПБ-нің қызметкерлері күдікті ретінде аталған ауылдың тұрғынын ұстады. Тергеу барысында, ер адам мас күйінде түнгі уақытта зират аумағына кіріп, садақаға арналған жәшікті ашып, ішінен ақша алып, одан кейін қылмыс орнынан бой тасалап кеткені анықталды. Айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған ақшалар алынды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам қолхатпен босатылды. Полиция қызметкерлері ер адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары