Бүгін сотталушылар соңғы сөздерін айтты
Талғардағы қанды оқиға кезінде қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың ісі бойынша үкім 5 маусымда оқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығады. Үкім 2025 жылғы 5 маусымда сағат 16.00- де жарияланатын болады», - деді судья Ержан Жанұзақов.
Жасөспірімнің өліміне қатысты сот отырыстары Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтті. Сотталушылардың бәрі істеген ісі үшін өкінетінін айтты.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай жарыссөзде сотталушыларға ең қатаң жазаларды сұраған.
Нақты айтқанда, Абзал Шынасылды «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша кінәлі деп танып, 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Ал басқа сотталушыларға қатысты келесі жазалар талап етілді:
Сот отырыстары басынан аяғына дейін онлайн көрсетілді.