Мeta компаниясы Қазақстан ішкі істер министрлігін қолдаған
Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов Мeta компаниясының мемлекеттік саясат жөніндегі директоры Сарим Әли Азизбен кездескен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Meta - Facebook, Instagram және WhatsApp сияқты танымал платформаларға ие әлемдегі ең ірі технологиялық компаниялардың бірі», - деп жазады полиция.
Сәденов пен Сарим Әли Азиз әлеуметтік платформаларды алаяқтық үшін пайдалану, есірткі сату, порнографияны тарату және басқа да заңсыз ақпарат жариялау сияқты мәселелерді талқылаған.
Ержан Сәденов қылмысты азайту үшін желідегі алаяқтық турады жазбаларды тез бұғаттап, платформа әкімшілігімен өзара қарым-қатынас орнатудың тікелей жолдарын атаған. Meta өкілі Қазақстан полициясының жұмысын қолдаған.