«Жылағым келеді»: Түркия әуежайында қазақ жігіттер зағип қызға кезек бермей қойған (ВИДЕО)
Әуежайда отырып видео жазған қыздың оқиғасы желіге таралды

Әлеуметтік желі арқылы өз видеосын таратқан зағип қыз Түркияның Анталья қаласындағы әуежайда келеңсіз жағдай болғанын айтып, жылағысы келді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, зағип болғандықтан Анталья әуежайының қызметкерлері бойжеткенді ертіп, тексеру алаңына қарай алып барған. Кезек күтіп тұрған басқа адамдардың арасынан алып өтіп бойжеткенді кезектің алдына апарған кезде ар жағында айқай-шу басталыпты.
«Зағип жан ретінде мені әуежай қызметкерлері тез ертіп апарып, құжаттарымды тез тексертіп, өткізіп жібергісі келді. Өйткені, олардың басқа жұмысы бар. Біз солай кезектің жанынан өткенде ар жағымызды айқай-шу басталып кетті. Басында мен ол шу мен үшін басталғанын білген жоқпын. Кейін менің кезексіз өтіп бара жатқаныма наразы екендерін білдім. Білесіздер ме, сонда шуылдап жатқан әйелдер емес, ерлер. Дәл сол ерлер мені алға қарай жылжытқысы келмей, шу шығарды», - дейді бойжеткен.
«Жоқ, өткізбейміз, кезекке тұрсын»
Оның айтуынша, ер-азаматтардың көбі бойжеткеннің бірінші болып тексеруден өткенін қаламаған екен.
«Жоқ, өткізбейміз, кезекке тұрсын. Керек болса, бизнес класпен ұшсын. Біз мына жаққа дейін екі сағат жүріп келдік, енді кезегімізді бермейміз» деді. Ал мен ол әуежайға үш сағат жүріп келдім», дейді бойжеткен.
«Түркияда демалғанда бір де бір адам көңіл-күйімді бұзбаған еді»
Бойжеткеннің қапа болатыны – Түркия еліндегі демалыста оның зағиптығына байланысты туындаған мәселе болса бір де бір түрік азаматы кезексіз өтіп жатыр деп шуламаған екен.