$ 509.26  574.75  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мойнында 489 544 теңге қарызы бар»: айдалада жаяу қалған қартқа шенеунік көмектескен (ВИДЕО)

Қарияның микрокредиттік ұйымға 489 544 теңге қарызы болған 

«Мойнында 489 544 теңге қарызы бар»: айдалада жаяу қалған қартқа шенеунік көмектескен (ВИДЕО)
Фото: скрин

Түркістан облысында айдалада жаяу кетіп бара жатқан қарияның видеосы тарап, қазақстандықтардың көңілін босатты. Қарт кісі ақшасы болмағаннан кейін Сарыағаш ауданынан жаяу шығып, Қарағанды облысындағы үйіне қарай кетіп бара жатқан. Оны жол жиегінен Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов байқап қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ордабасы ауданының тұрғындармен бірге іс сапарға кетіп бара жатқан Махамбетов жол бойындағы жалғыз жүрген, әлсіреген қарияны көріп, бірден көлікті тоқтатқан.

«Үлкен кісінің он сағаттан астам уақыт бойы жаяу, қаражатсыз, ас-сусыз жолда жүргенін көріп жүрегім ауырды. Біз мән-жайды анықтауға кірістік», - дейді Әділет департаментінің басшысы.

Азаматтар қариямен сөйлесе келе, оның мойнында микрокредиттік ұйымға 489 544 теңге қарызы барын және соның салдарынан барлық банк шоттары бұғатталғаны анықтайды. Осылайша егде жастағы кісі зейнетақысын ала алмай, көк тиынсыз қалған.

Нұржан Махамбетовтің пайымдауынша, оның зейнетақысын балалары немесе туыстары пайдаланған болуы мүмкін. Қарияның құжаттары түгел өзінде болып шықты, сол арқылы Әділет департаментінің басшысы Түркістан облысының жеке сот орындаушысына хабарласып, мәселені шешіп берді.

«Бақытымызға орай, Түркістан облысының нотариусының араласуымен атқарушылық жазба жойылып, сондай-ақ Түркістан облысының жеке сот орындаушысы шоттарды жедел түрде бұғаттан шығарып берді», - деді ол.

Жолда қалған адамға көмектескен азаматтың адамгершілік әрекетіне ел-жұрт сүйсініп, жақсы тілегін жаудырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары