Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тікелей эфирде сөзін ұмытып қалды (ВИДЕО)

Автор: Темірхан Айжан

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы кейінгі кезде әншілікті қолға алған 

Фото: скрин

Продюсер Баян Алагөзованың «Алтын Ханым» атты шоуын жүргізген әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тікелей эфирде сөзін ұмытып, ұятқа қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ыңғайсыз жағдайға түскен оны сахнадағы әріптесі Динара Сәтжан қолдап, әрі қарай жүрігізіп алып кетті. Ол көрерменнен Мөлдір Мұқанованың тікелей эфирде алғаш жүргізуші болып тұрғанын айтып, түсіністік танытуды сұрады.

Айта кетсек, кеше әйелдер арасында өткен «Алтын Ханым» сайысының қорытындысы шығып, жеңімпазы анықталған. 26 келіншектің арасынан Ақтөбеден шыққан кәсіпкер Самал Асқанова «Алтын ханым» атағын иеленіп, тәж киді.

Бұдан бұрын жоба ұйымдастырушысы Баян Алагөзова жеңімпазға көлік сыйға берілетінін айтқан еді.