Компания бос жұмыс орындары туралы хабарлап, оның шарттарын түсіндірген
«City Transportation Systems» компаниясы Астанадағы LRT-да жұмыс істейтін диспетчерлерді іздеп жатыр. Оның алдында компания адамдарды алты ай оқытпақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, LRT автомат қозғалатын пойыз, оның жүргізушісі болмайды. Сондықтан, компания:
«Оқу мерзімі – 6 айға дейін. Оқыту Астана қаласында және Қытай Халық Республикасында жұмыс берушінің есебінен өткізіледі. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан жасақталады», - деп хабарлайды компания.
Сондай-ақ адамның іс-сапарларға дайын болғаны абзал. Диспетчерлер ауысыммен жұмыс істейтіні хабарланып отыр.
Түйіндемелер CTS ресми сайтына жіберуге болады немесе +7 (7172) 577 177 (ішкі 102) нөміріне хабарласу керек.