Ол заңсыз рәсімдеп алған жерлерді 1,3 млрд теңгеге сатып жіберген
«Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматыдағы филиалында жұмыс істеген Әбдіжапаров мемлекеттің меншігіндегі жерлерді алаяқтықпен өз атына жазып алып, кейін оны 1,3 млрд теңгеге сатып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері болып жұмыс істеген Әбдіжапаров жылжымайтын мүлікті тіркеу жүйесінің қалай жұмыс істейтінін біле отырып, уәкілетті органдарға жер телімдерін уақытша пайдаланудан бас тарту туралы жалған келісімдер мен жер телімдері жеке меншікке берілді деген жалған әкімдік қаулыларын тапсырған. Алайда, шын жүзінде әкімдіктер ондай қаулы шығармаған.
Ол жалған қаулы арқылы Жуков көшесі, 67-учаске (2,3 га) және Жамакаев көшесі, 77-учаске (6,3 га) мекенжайларында орналасқан жер телімдерін 5 жыл мерзімге «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға берген. кейін ол жерлерді өзінің «Айша Групп» ЖШС-нің атына қайта тіркеген.
Сот үкімімен Әбдіжапаров ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, жеті жылға сотталды.